Сенбі күні қазақстандық хоккейсүйер қауым алты матчты тамашалайды.
(12:00) Ойын күнін тағы да Өскеменде «Алтай Торпедо» мен «Снежные Барсы» ашады.
(17:00) «Номад» «Торпедодан» қарымта қайтарып, турнир кестесінің көшбасшысын өзінен алысқа жібермеуге тырысады.
(17:00) Павлодарда тағы да «Ертіс» пен «Арлан» кездеседі. Кеше ойын буллиттер сериясымен аяқталды.
(17:00) "Алматы" екінші рет өз алаңында «Құлагерді» қабылдайды. Петропавлдықтар оңтүстік астаналық командамен маусым аясындағы үш матчтың үшеуінде де жеңіске жетті.
(18:00) «Ақтөбе» «Теміртаумен» бірінші ойында жеңісті уыстан жіберіп алды. Бүгінгі матч Алексей Коршковтың ұжымына қарымта қайтару үшін таптырмас мүмкіндік.
(18:00) Атырауда екінші ойынды «Бейбарыс» пен «Горняк» өткізеді.
Матчтардың басталуы елорда уақытымен көрсетілген.
Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa