Шағын үзілістен кейін Қазақстан чемпионатының командалары ұпай жинау жолындағы күреске қайта оралды.
(17:00) «Номад» өз алаңында петропавлдық «Құлагерді» қабылдайды.
(17:00) «Арлан» мен «Торпедо» Көкшетауда кездеседі.
(17:00) Өскеменде кубоктық сегіздік үшін тартысып жүрген командалар – «Алтай Торпедо» мен «Алматы» кездеседі.
(19:00) Кешкі сессияны металлургтар қаласында ойнайтын «Теміртау» мен «Ертіс» ашады.
(20:00) «Бейбарыс» пен «Сарыарқа» Батыс Қазақстанда матч өткізеді.
(20:00) Ақтөбеде чемпионаттың көш соңында келе жатқан командалары «Ақтөбе» мен «Снежные Барсы» бақ сынасады.
Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa