ҚФХ-ның республикалық жарыстарды өткізу департаменті «Арлан» мен «Горняк» командалары арасындағы матчтың қайта ойналатын күнін және уақытын хабарлайды.
Еске салайық, 2025 жылғы 7 қарашада Pro Hokei Ligasy аясындағы №115 «Арлан» – «Горняк» матчы кезінде «Бурабай» МС мұз айдынында электр энергиясы апатты түрде сөндіріліп, соның салдарынан ойын 11-минутта тоқтатылып, оны жалғастыру мүмкін болмады.
Жағдай жан-жақты қарастырылғаннан кейін ҚР чемпионаты Регламентінің Спорттық бөлімі 6-тарауының 29-бабының 4-тармағына сәйкес матчты тоқтатылған сәттен бастап жалғастыру туралы шешім қабылданды (хаттама бойынша уақыт – 10:24, кері санау – 9:36). Кездесу Рудный қаласындағы «Горняк Аренада» өтеді. Басталуы 19:00.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager