Pro Ligasy тұрақты чемпионаты үш матчпен қайта жалғасты.

«Торпедо» мен «Бейбарыс» арасындағы кездесуде жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Бұл сында атыраулық хоккейшілер дәлдік танытып, шешуші соққының авторы Владимир Корчагин болды. Қонақтар қақпашысы Артём Микушин өз есебіне 35 сейв жазды.
«Торпедо» - «Бейбарыс» 2:3 Б (0:1, 1:1, 1:0, 0:0, 0:1)
0:1 - 16:10 - Дорофеев (Колотыгин, Шишов) ГБ
1:1 - 23:18 - Кляузов (Панченко, Мусоров)
1:2 - 37:13 - Актаев (Еркинов, Казаченко)
2:2 - 41:18 - Алдабергенов (Панченко)
2:3 - 65:00 – Корчагин ПБ
Қақпашылар: Янков (Пестов, 65:00-65:00) - Микушин

«Сарыарқа» ойынның бастапқы кезеңінде-ақ павлодарлықтарды бес рет қапы қалдырып, одан кейін де кездесудің тізгінін қолдан шығарған жоқ. Өз көрсеткішін айтарлықтай арттырғандар қатарында покер жасаған Данила Карабань мен хет-трик авторы Сергей Барбашев бар. Артём Лихотников командаластарына төрт рет нәтижелі пас берді. Осы жеңістен кейін қарағандылықтар ағымдағы тұрақты чемпионатта көшбасшы орындағы «Номадты» ығыстырды.
«Сарыарқа» - «Ертіс» 11:3 (5:1, 4:1, 2:1)
1:0 - 02:37 - Карабань (Кузьменко, Лихотников) ГБ
2:0 - 03:43 - Пономарёв (Степаненко, Пархоменко)
3:0 - 09:42 - Карабань (Сиксна) ГБ
4:0 - 10:31 - Пархоменко (Степаненко, Михайлов)
5:0 - 12:28 - Барбашев (Михайлов, Фазлеев) ГБ
5:1 - 19:59 - Акпирганов (Анцельм) ГБ
6:1 - 24:06 - Фазлеев (Карабань, Лихотников)
7:1 - 28:27 - Карабань (Лихотников, Борисевич) ГБ
8:1 - 29:00 - Борисевич (Кузьменко, Барбашев)
9:1 - 32:08 - Карабань (Лихотников, Михайлов) ГМ
9:2 - 33:32 - Демирделен (Игушкин) ГБ
10:2 - 44:53 - Барбашев (Кузьменко)
10:3 - 53:29 - Акпирганов (Билимбаев)
11:3 - 58:49 - Барбашев (Наместников, Сиксна)
Қақпашылар: Кадочников (Кудимов, 10:48-60:00) - Нечвиенко (Челайдюк, 10:31-32:08)

«Арлан» мен «Горняк» арасындағы кездесуде де 65 минут ойын жеңімпазын анықтау үшін жеткіліксіз болды. Нәтижесінде көкшетаулықтарға екі ұпай әкелгендер – буллитті сәтті орындаған Евгений Орлов пен қақпаға бағытталған 25 соққыны қайтарған Тимур Мейдер болды.
«Арлан» - «Горняк» 4:3 Б (1:1, 1:1, 1:1, 0:0, 1:0)
1:0 - 01:07 - Чапоров (Орлов, Ибраев)
1:1 - 15:47 - Барабаш (Кротов, Гурин)
2:1 - 20:20 - Преснов
2:2 - 36:35 - Куршук (Степанов, Утебаев)
3:2 - 40:30 - Санников (Кравченко, Борисов)
3:3 - 59:25 - Лазарев (Юлбарисов, Гурин)
4:3 - 65:00 – Орлов ПБ
Қақпашылар: Мейдер – Нурек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa