Торпедоның қарымтасы, Көкшетаудағы овертайм, Номадтың құрғақ жеңісі

7 qańtar
825

Қазақстан хоккей чемпионаты төрт матчпен жалғасты.

«Торпедо» үшінші кезеңді қарқынды өткізіп, «Бейбарыстан» қарымта қайтарды. Өскемендік команда сапынан Михаил Рахманов дубль авторы атанды. Ал Владислав Пестов өз еншісіне 25 сейв жазды.

«Торпедо» - «Бейбарыс» 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)

0:1 - 15:39 - Асуханов

1:1 - 23:54 - Кляузов (Мусоров, Рыжий)

2:1 - 52:55 - Панченко (Гренц, Алдабергенов)

3:1 - 53:32 - Рахманов (Хорошев, Боровиков)

4:1 - 55:53 - Рахманов (Глухих, Мусоров)

Қақпашылар: Пестов - Осипов

«Сарыарқа» «Ертіске» қарсы өткен екінші үй матчында да сенімді жеңіске жетті. Бұл жолы хет-трик жасаған Радель Фазлеев көзге түссе, Егор Смольянинов өз есебіне үш нәтижелі пас жазды. Алаң иелерінің қақпашысы Жәкен Ибрагимов қақпаға бағытталған 21 соққыны қайтарды.

«Сарыарқа» - «Ертіс» 8:2 (2:0, 2:1, 4:1)

1:0 - 00:54 - Кузьменко (Борисевич)

2:0 - 10:18 - Фазлеев (Лихотников, Карабань)

3:0 - 21:48 - Фазлеев (Барбашев, Михайлов) ГБ

3:1 - 28:59 - Кладов (Пидяшов, Мальцев)

4:1 - 39:03 - Дёмин (Смольянинов, Волков)

5:1 - 40:58 - Хрипков (Смольянинов, Пономарёв)

6:1 - 49:26 - Фазлеев (Михайлов, Барбашев) ГБ

7:1 - 50:30 - Пархоменко (Баженов, Пономарёв)

8:1 - 52:20 - Волков (Смольянинов, Пархоменко) ГМ

8:2 - 52:50 - Пидяшов (Мальцев) ГБ

Қақпашылар: Ибрагимов - Какенов

«Арлан» мен «Горняктың» екінші кездесуінде де негізгі уақыт жеңімпазды анықтауға жеткіліксіз болды. Овертаймда көкшетаулықтар өз дегеніне жетті – бүгін олар қарсыластарынан сәл белсендірек болды. Шешуші соққының авторы Вадим Кравченко атанды. Ал Тимур Мейдер 29 сейв жасады.

«Арлан» - «Горняк» 2:1 ОТ (1:1, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 09:52 - Катков (Степанов, Платонов) ГБ

1:1 - 12:22 - Гопиенко (Санников, Преснов) ГБ

2:1 - 61:24 - Кравченко (Свинцицкий, Борисов)

Қақпашылар: Мейдер - Нурек

«Ақтөбе» елордада «Номадқа» қарсы өткен алғашқы матчта Юргис Дубинскастың қақпасын бұза алмады. Алаң иелерінің қақпашысы 23 соққыны қайтарды. Ал алаңдағы ойыншылар өз голкиперіне Мади Диханбек, Вячеслав Колесников, Даниил Цыбин және Дмитрий Макеевтің дәл соққылары арқылы қолдау көрсетті.

«Номад» - «Ақтөбе» 4:0 (1:0, 2:0, 1:0)

1:0 - 18:48 - Диханбек (Гусейнов)

2:0 - 21:14 - Колесников (Решетько, Оспанов)

3:0 - 22:57 - Цыбин (Старченко)

4:0 - 51:19 - Макеев (Китаров, Сулейменов)

Қақпашылар: Дубинскас - Костюков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.