Горняк Сарыарқаның жеңісті сериясын тоқтатты, Бейбарыс Павлодарда сәтті өнер көрсетті, ал Стулов хет-трик жасады

10 qańtar
859

Қазақстан хоккей чемпионаты екі матчпен жалғасты.

«Горняк» Қарағандыда күтпеген жерден «Сарыарқаны» жеңіп, алаң иелерінің үш матчқа созылған жеңісті сериясын тоқтатты. Жеңіс шайбасының авторы Егор Шимин атанды. Рудныйлықтардың қақпашысы Владислав Нурек тамаша ойын көрсетіп, қақпаға бағытталған 39 соққыдан кейін командасын бірнеше мәрте құтқарып қалды. Владимир Князев шәкірттері турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға шығу мүмкіндігін жіберіп алды.

«Сарыарқа» - «Горняк» 1:3 (0:0, 0:0, 1:3)

0:1 - 42:32 - Пархоменко (Шимин, Анисимов)

1:1 - 47:10 - Дёмин (Барбашев) ГБ

1:2 - 52:45 - Шимин (Юлбарисов, Мозжерин)

1:3 - 59:05 - Степанов ПВ

Қақпашылар: Кадочников - Нурек

«Бейбарыс» үшінші кезеңдегі сәтті ойынының арқасында Павлодарда «Ертісті» жеңді. Кездесудің басты қаһарманы атыраулықтардың қорғаушысы Дмитрий Стулов болды – ол хет-трик жасады.

«Ертіс» - «Бейбарыс» 2:5 (0:1, 1:1, 1:3)

0:1 - 14:27 - Стулов (Колотыгин, Клочков)

0:2 - 22:06 - Стулов (Шишов, Дорофеев) ГМ

1:2 - 28:29 - Пидяшов (Пак)

1:3 - 41:00 - Клочков (Гасников, Асуханов)

1:4 - 41:56 - Стулов (Корчагин)

2:4 - 43:48 - Пидяшов (Букарь)

2:5 - 49:53 - Гасников (Стулов, Дорофеев)

Қақпашылар: Какенов - Микушин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.