Сарыарқа көш басында, Павлодарда 13 шайба, Солтүстіктегі буллиттер, Арлан – плей-оффтың төртінші қатысушысы

12 qańtar
937

Жексенбі күні Қазақстан хоккей чемпионатында үш кездесу жоспарланған.

«Сарыарқа» «Горняктан» есесін қайтарып, турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға көтерілді. Қарағандылықтар сапынан Александр Борисевич дубль авторы атанса, Руслан Дёмин мен Егор Смольянинов бір-бір шайбадан соқты. Ал Данил Кадочников қақпаға бағытталған 32 соққыны тойтара білді.

«Сарыарқа» - «Горняк» 4:1 (1:0, 2:1, 1:0)

1:0 - 12:51 - Дёмин (Михайлов, Кузьменко)

2:0 - 24:46 - Смольянинов (Михайлов, Дёмин)

3:0 - 30:49 - Борисевич (Кузьменко, Пономарёв)

3:1 - 31:33 - Платонов (Степанов, Тихонов)

4:1 - 46:01 - Борисевич (Михайлов, Кузьменко) ГБ

Қақпашылар: Кадочников - Тихонов

«Бейбарыс» Павлодардағы екінші ойында да «Ертіске» еш мүмкіндік қалдырмады. Қатарынан екінші феноменалды матч өткізген Дмитрий Стулов хет-трик жасап, екі нәтижелі пас берді. Евгений Гасниковтың еншісінде екі дәл соққы бар. Атыраулықтар плей-офф аймағындағы орындарын нығайтып, бесінші орыннан қалып келе жатқан айырмашылықты бес ұпайға дейін қысқартты.

«Ертіс» - «Бейбарыс» 2:11 (1:4, 1:2, 0:5)

0:1 - 03:13 - Левковец (Пиниди, Корчагин)

0:2 - 04:42 - Шингареев (Дорофеев, Шишов)

0:3 - 10:15 - Стулов (Еркинов)

1:3 - 10:45 - Пидяшов (Пак, Букарь)

1:4 - 14:33 - Стулов

2:4 - 27:21 - Акпирганов (Билимбаев)

2:5 - 29:01 - Пиниди (Левковец)

2:6 - 34:55 - Гасников (Стулов)

2:7 - 41:34 - Стулов (Корчагин, Шишов) ГБ

2:8 - 44:17 - Шишов (Шингареев, Стулов) ГБ

2:9 - 48:47 - Асуханов (Ананичев, Клочков) ГБ

2:10 - 49:49 - Казаченко

2:11 - 55:30 - Гасников (Клочков, Асуханов)

Қақпашылар: Нечвиенко (Челайдюк, 10:15-49:49) - Байдек

«Құлагер» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесуде жеңімпаз буллиттер сериясында ғана анықталды. Нәтижесінде, бүгін екі ұпайды Петропавл хоккейшілері еншіледі. Шешуші соққының авторы Алмаз Мұқанов болды.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 5:4 Б (1:0, 2:2, 1:2, 0:0, 1:0)

1:0 - 17:55 - Гатин (Маркабаев) ГБ

1:1 - 27:48 - Зизевских (Шайкенов, Захаров) ГБ

2:1 - 30:11 - Исмагилов (Тунхузин, Воробьёв)

2:2 - 31:13 - Петров (Калиниченко, Комаров) ГБ

3:2 - 37:23 - Бурлака (Мұқанов)

4:2 - 47:23 - Бурделёв (Маркабаев, Своеволин) ГБ

4:3 - 54:14 - Козорез (Петров) ГБ

4:4 - 58:10 - Плотников (Шайкенов, Захаров)

5:4 - 65:00 - Муқанов ШБ

Қақпашылар: Осокин – Дубович

Айта кетейік, ағымдағы маусымдағы Pro Ligasy плей-оффының тағы екі қатысушысы белгілі болды. «Номад» пен «Сарыарқаға» «Торпедо» және «Арлан» командалары қосылды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.