Батыстық командалар өз алаңдарында жеңіске жетті, Арлан Алматыдан басым түсті

15 qańtar
932

Бейсенбі күні Қазақстан хоккей чемпионатында үш матч өтті.

«Бейбарыс» өз айдынында «Сарыарқаны» жеңді. Атыраулықтардың жеңісіне Тимур Шингареев пен Юсуп Асухановтың дубльдері, сондай-ақ Артём Микушиннің 42 сейві үлкен үлес қосты.

«Бейбарыс» - «Сарыарқа» 4:2 (1:1, 2:1, 1:0)

0:1 - 01:35 - Пономарёв (Баженов)

1:1 - 16:41 - Шингареев (Колотыгин, Ананичев)

1:2 - 23:32 - Фазлеев (Лихотников, Михайлов)

2:2 - 28:35 - Асуханов (Колотыгин, Микушин)

3:2 - 38:03 - Шингареев (Стулов, Корчагин) ГБ

4:2 - 57:51 - Асуханов (Клочков, Гасников)

Қақпашылар: Микушин - Кадочников

Турнирлік кестенің төменгі бөлігіндегі командалар арасындағы кездесуде «Ақтөбе» мықтырақ болды. Алаң иелері сапынан сұрмергендер Антон Петров, Даниил Киселёв, Захар Захаров және Владислав Плотников өз есептерін есептерін толықтырды. Матвей Ершов қақпаға бағытталған 19 соққыны қайтарды.

«Ақтөбе» - «Ертіс» 4:1 (0:0, 2:1, 2:0)

1:0 - 26:51 - Петров (Комаров, Курсакбаев)

1:1 - 27:39 - Пидяшов (Бекбаев, Ташимов)

2:1 - 34:51 - Киселёв (Калиниченко, Ищенко)

3:1 - 48:37 - Захаров (Трибунский, Сапарбек) ГБ

4:1 - 55:29 - Плотников (Захаров, Зизевских)

Қақпашылар: Ершов - Нечвиенко

«Арлан» «Алматының» қарсылығын еңсерді. Кездесудегі негізгі оқиғалар екінші кезеңде өтті. «Көкшеліктер» сапынан Әли Қасенов, Александр Гопиенко және қарсыластың бос қақпасына шайба соққан Дмитрий Преснов мергендік танытты. Тимур Мейдер 37 сейв жасады.

«Алматы» - «Арлан» 1:3 (0:0, 1:2, 0:1)

1:0 - 31:01 - Андрусенко (Филиппенко, Анисимов) ГБ

1:1 - 33:06 - Касенов (Тарасенко)

1:2 - 34:26 - Гопиенко (Преснов)

1:3 - 59:41 - Преснов (Кравченко, Санников) ПВ

Қақпашылар: Клоберданец - Мейдер


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.