Ақтөбедегі буллиттер, Ертістің Рудныйдағы сойқаны, Сарыарқа Алматыдан басым түсті

19 qańtar
863

Дүйсенбі күні Қазақстан чемпионатында хоккейден үш кездесу жоспарланған.

«Ақтөбе» мен «Арлан» арасындағы матчта жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Бұл компонентте көкшетаулық ойыншылар дәлдік танытып, қонақтар сапынан Евгений Орлов екі ұпай әкелді.

«Ақтөбе» - «Арлан» 3:4 Б (2:1, 1:1, 0:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 06:30 - Захаров (Плотников, Трибунский)

2:0 - 08:35 - Шайкенов (Сапарбек, Захаров) ГБ

2:1 - 10:47 - Орлов (Свинцицкий, Ибраев)

3:1 - 26:04 - Поленов (Калиниченко, Ищенко)

3:2 - 29:36 - Санников

3:3 - 41:00 - Беляев (Ибраев, Орлов)

3:4 - 65:00 – Орлов ПБ

Қақпашылар: Дубович - Мейдер

«Горняк» «Ертістің» қақпасына жауапсыз тоғыз шайба соқты. Қақпашы Владислав Тихонов 22 соққыны қайтарып, «құрғақ» матч өткізді. Валерий Гурин мен Руслан Өтебаев қарсыластарын екі реттен қапы қалдырды. Ал Евгений Степанов пен Оскар Юлбарисов серіктестеріне үш реттен нәтижелі пас берді.

«Горняк» - «Ертіс» 9:0 (2:0, 5:0, 2:0)

1:0 - 11:21 - Өтебаев (Степанов, Лазарев)

2:0 - 12:44 - Мозжерин (Ляпунов, Канкин)

3:0 - 24:51 - Гурин (Саввин, Юлбарисов)

4:0 - 29:17 - Гурин (Юлбарисов, Тихонов)

5:0 - 35:09 - Өтебаев (Степанов, Платонов)

6:0 - 38:16 - Шимин (Ляпунов, Рахимов)

7:0 - 39:29 - Платонов (Степанов, Лазарев)

8:0 - 52:02 - Саввин (Гурин, Юлбарисов) ГБ

9:0 - 55:24 - Пархоменко (Анисимов, Рахимов)

Қақпашылар: Тихонов - Нечвиенко

Радель Фазлеев, Никита Баженов, Михаил Степанов пен Данила Карабаньның дәл соққылары «Сарыарқаға» оңтүстік астанада жеңіс әкелді. Қонақтар қақпашысы Данил Кадочников 32 сейв жасады. Қарағандылықтар турнир кестесіндегі көшбасшылық орнынан «Номадты» тағы да ығыстырды.

«Алматы» - «Сарыарқа» 1:4 (0:1, 1:2, 0:1)

0:1 - 04:01 - Фазлеев (Баженов, Михайлов) ГБ

0:2 - 21:52 - Баженов (Дёмин) ГМ

1:2 - 27:35 - Ананичев

1:3 - 29:25 - Степанов (Сиксна)

1:4 - 44:16 - Карабань (Лихотников, Фазлеев)

Қақпашылар: Эрштейн - Кадочников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.