Pro Ligasy плей-офф кезеңінің алғашқы ойын күні төменгі орындағы командалардың жеңістерімен аяқталды.

Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы «Номад» ширек финал сериясының алғашқы матчында «Алматыны» жеңе алмады. Шешуші кезең екіншісі болды: қонақтар алдымен «5-ке 3» форматындағы басымдықты, кейін «5-ке 4» артықшылықты сәтті пайдаланды. Алматылықтар сапында Денис Гафаров, Муса Гусейнов және Егор Анисимов плей-оффтағы мергендік есептерін ашты. Максим Клоберданец қарсыластың есепті өзгертуге бағытталған 29 соққысын тойтарып, командасын құтқарып қалды.
«Номад» - «Алматы» 2:3 (0:1, 1:2, 1:0)
0:1 - 05:50 - Гафаров (Валиев, Фокин)
1:1 - 24:34 - Маңғысбаев (Колесников)
1:2 - 32:47 - Гусейнов (Атаханов, Ананичев) ГБ
1:3 - 34:03 - Анисимов (Валиев) ГБ
2:3 - 58:11 - Данияр (Гусейнов, Диханбек)
Қақпашылар: Дубинскас - Клоберданец
«Номад» - «Алматы» сериясындағы есеп: 0-1 (2:3).

Көкшетау мен Петропавл арасындағы географиялық көршілердің алғашқы текетіресінде «Құлагер» ойыншылары мықтырақ болды. Андрей Спиридонов шәкірттері матч барысында үш шайба айырмасымен алға шыққанымен, қарсыласқа ойынға қайта оралып, тіпті соңғы сәттерде шешуші шабуыл ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Қорытындысында қонақтар үшін жеңіс шайбасын үшінші кезеңнің аяқталар тұсында қарсы шабуылға сәтті қашып шыққан Артём Бурделёв соқты. «Құлагер» қақпашысы Антон Осокин 27 соққыны қайтарды.
«Арлан» - «Құлагер» 3:4 (0:2, 2:1, 1:1)
0:1 - 10:19 - Воробьёв
0:2 - 18:13 - Попитич
0:3 - 22:07 - Маркабаев (Тунхузин, Базанов)
1:3 - 26:42 - Орлов (Беляев)
2:3 - 39:21 - Санников (Преснов) ГБ
2:4 - 54:16 - Бурделёв (Базанов)
3:4 - 57:44 - Преснов (Кравченко, Гопиенко)
Қақпашылар: Мейдер - Осокин
«Арлан» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 0-1 (3:4).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa