Торпедо мен Сарыарқа плей-оффты жеңіспен бастады

24 aqpan
996

Өскемен мен Қарағандыда ¼ финалдың екі сериясының алғашқы матчтары өтті.

«Торпедо» плей-офф кезеңінің бастауында «Бейбарысты» жеңді. Алаң иелері сапынан жеңіс шайбасын Максим Мусоров соқты. Дегенмен кездесудің басты қаһарманы ретінде өскемендік қақпашы Владислав Пестовты атауға болады – ол 37 сейв жасады.

Осылайша, Андрей Корабейников шәкірттері төрт жеңіске дейінгі серияда алға шықты.

«Торпедо» - «Бейбарыс» 4:2 (2:1, 2:1, 0:0)

1:0 - 01:27 - Глухих (Мусоров)

1:1 - 16:22 - Казаченко (Корчагин, Шлычков) ГБ

2:1 - 16:52 - Алдабергенов (Гренц, Панченко)

3:1 - 31:21 - Мусоров (Боровков)

3:2 - 34:06 - Ковзалов (Асуханов, Гасников) ГБ

4:2 - 37:58 - Боровиков (Гавриленко, Алдабергенов)

Қақпашылар: Пестов - Микушин (Осипов, 31:21-48:08, 49:35-57:18)

«Торпедо» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 1-0 (4:2).

Валерий Гуринсіз «Горняк» «Сарыаркаға» лайықты қарсылық көрсете алмады. Қарағандылықтар алғашқы кезеңнің өзінде-ақ Рудный командасының қақпасына төрт шайба соғып, плей-оффтың осы маусымындағы алғашқы жеңісіне сенімді түрде қол жеткізді. Егор Кузьменко 4 (2+2) ұпай еншілеп, оның екеуін басымдықта ойнағанда соқты. Алаң иелерінің қақпашысы Данил Кадочников 25 сейв жасады.

«Сарыарқа» - «Горняк» 6:2 (4:0, 1:1, 1:1)

1:0 - 02:05 - Кузьменко (Карабань, Лихотников) ГБ

2:0 - 04:37 - Борисевич (Пономарёв, Фазлеев)

3:0 - 05:24 - Барбашев (Борисевич, Кузьменко)

4:0 - 12:45 - Дёмин (Степаненко)

5:0 - 23:28 - Карабань (Кузьменко, Сиксна) ГБ

5:1 - 26:48 - Юлбарисов (Катков, Барабаш) ГБ

5:2 - 51:04 - Платонов (Степанов, Өтебаев)

6:2 - 53:13 - Кузьменко (Лихотников) ГБ

Қақпашылар: Кадочников - Нурек

«Сарыарқа» - «Горняк» сериясындағы есеп: 1-0 (6:2).


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.