Торпедо жартылай финалдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

17 naýryz
732

Өскеменде Торпедо мен Сарыарқа арасындағы жартылай финалдың алғашқы матчы өтті.

Үшінші кезең басталғанға дейін қарсыластар бір-бірінің қақпасына екі реттен шайба соғып, шешуші кезең де тартысты өтетіндей көрінген еді. Алайда соңғы кезең толықтай өскемендіктердің басымдығымен өтіп, олар тағы төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Солардың бірінде Фёдор Хорошев «Сарыарқа» қақпасының бос қалған сәтін тиімді пайдаланды. Владимир Боровков «Торпедо» сапында дубль авторы атанды. Ал алаң иелерінің қақпашысы Владислав Пестов 20 сейв жасады.

«Торпедо» - «Сарыарқа» 6:2 (1:1, 1:1, 4:0)

0:1 - 09:48 - Наместников (Лихотников, Фазлеев)

1:1 - 18:31 - Боровков (Колобов)

1:2 - 21:39 - Дёмин (Хрипков, Волков)

2:2 - 23:51 - Сергиенко (Рахманов, Глухих)

3:2 - 40:41 - Колобов (Хорошев, Боровков)

4:2 - 41:25 - Гренц

5:2 - 54:12 - Боровков

6:2 - 56:50 - Хорошев (Быков) ПВ

Қақпашылар: Пестов - Кадочников

«Торпедо» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 1-0 (6:2)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.