Номад – Қазақстанның үш дүркін чемпионы

9 sáýir
961

Астанада «Номад» пен «Сарыарқа» арасындағы 2025/26 жылғы Pro Ligasy-ның финалдық сериясы аяқталды.

Кездесу алаң иелерінің нәтижелі шабуылымен басталды: есепті өткір бұрыштан дәл соққы жасаған Әділ Бейсембаев ашты. Қарағандылықтар бұған Артём Лихотниковтің тамаша пасынан кейін Радель Фазлеевтің голымен жауап қайтарды.

Екінші кезеңнің ортасында «көшпенділер» «2-ге 1» форматында нәтижелі қарсы шабуыл ұйымдастырып, Диас Гусейнов дәл соққы жасады. Алайда осы сәттен кейін «Сарыарқа» бастаманы өз қолына алып, соңғы кезеңде есепті теңестіре алды. Шайбаны жетер жеріне Кирилл Полохов жеткізді. Осылайша командалар қарсыласу барысында екінші рет овертаймға өтті.

Алайда бұл жолы қосымша уақыт ұзаққа созылған жоқ. Кездесудің 68-минутында Бейбарыс Оразовтың қуатты соққысы «Номадқа» Pro Ligasy алтын жүлделерін сыйлады. «Көшпенділер» өз тарихында үшінші рет Қазақстан чемпионы атанды.

«Номад» - «Сарыарқа» 3:2 ОТ (1:1, 1:0, 0:1, 1:0)

1:0 - 02:46 - Бейсембаев (Макеев, Шульга)

1:1 - 06:05 - Фазлеев (Лихотников, Карабань)

2:1 - 31:29 - Гусейнов (Бутенко, Гатиятов)

2:2 - 43:45 - Полохов (Фазлеев, Борисевич)

3:2 - 67:16 - Оразов (Бритиков, Муратов)

Қақпашылар: Калмыков - Кадочников

«Номад» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 4-1 (5:4 ОТ3, 5:2, 1:7, 5:1, 3:2 ОТ1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.