Петропавлда Қазақстан хоккей чемпионатының қола жүлдесін анықтайтын серияның шешуші үшінші матчы өтті.
Қонақтар есепті бірінші кезеңнің ортасында Михаил Рахмановтың дәл соққысының арқасында ашты. Келесі гол тек соңғы кезеңнің басында соғылды – өскемендік команданың басымдығын Никита Колобов арттырды. Даниил Махамадеев «Құлагердің» есеп айырмасын минимумға дейін қысқартты. Алайда Андрей Спиридоновтың шәкірттері бұл сериядағы қалыптасқан үрдісті бұза алмады – петропавлдықтар «қола» текетіресі барысында әр ойында бір шайбадан артық соға алмады. Ойынның және Pro Ligasy маусымының нүктесін артық құрамды тиімді пайдаланған Максим Мусоров қойды.
«Торпедо» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
«Құлагер» - «Торпедо» 1:3 (0:1, 0:0, 1:2)
0:1 - 10:51 - Рахманов (Колобов, Хорошев)
0:2 - 40:26 - Колобов (Рахманов, Мусоров)
1:2 - 43:02 - Махамадеев
1:3 - 51:39 - Мусоров (Гренц, Колобов) ГБ
Қақпашылар: Осокин - Пестов
«Торпедо» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 3-0 (7:1, 6:1, 3:1)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager