Pro Ligasy клубтарындағы трансферлік жаңалықтарды бақылаймыз. Өткен аптаның басты ньюсмейкері «Бейбарыс» болды. Клуб бірден бірнеше ойыншымен келісімшартқа отырғанын жариялады.
Атырауда команданың көшбасшыларының бірі Анатолий Шишов тағы екі маусымға қалды. Өткен маусымда ол 56 матчта 34 (17+17) ұпай жинаған еді.
«Бейбарыс» сапында шабуылшылар Юсуп Асуханов (55 ойында 17+19), Иса Гусейнов пен Илья Ковзалов, сондай-ақ команда капитаны Евгений Гасников (58 ойында 20+18) өнер көрсетуді жалғастырады.
Батысқазақстандық клубтың жаңа ойыншыларынан «Алматы» сапында 61 матчта 25+25 ұпай жинаған Муса Гусейнов пен «Ертіс» құрамында 34 кездесуде 5+11 көрсеткішіне қол жеткізген Данияр Білімбаевты ерекше атауға болады. Сондай-ақ Атырауға тәжірибелі шабуылшы Никита Баженов та қайта оралды. Ол өткен маусымда «Сарыарқа» құрамында 29 ойында 7+12 ұпай еншілеген еді.
Өте маңызды трансферлік қадамды «Торпедо» жасады. Өскемендік клуб өз түлегі Сергей Кудрявцевті қайта қатарға қосты. Өткен маусымда қақпашы ЖХЛ-дағы «Южный Урал» клубының намысын қорғаған еді.
Бұдан кейін өскемендік команданың баспасөз қызметі қақпашылар бапкері Павел Бессоновпен келісімшарт жасалғанын хабарлады. Танымал маман ұзақ уақыт бойы «Барыс» жүйесінде жұмыс істеп, кейін ханты-мансийлік «Мамонты Югры» клубында бағын сынап көрген болатын.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager