Жаңа маусым қарсаңында Pro Ligasy клубтарының трансферлік белсенділігін назарда ұстаймыз.
Өткен маусымды жалға алу келісімі негізінде «Құлагер» сапында өткізген Антон Осокин өзінің төл клубы – «Торпедоға» қайта оралды. Тұрақты чемпионатта қақпашы бір ойынға орта есеппен 2,17 шайбадан жіберіп, соққылардың 92,6 пайызын қайтарды.
«Торпедоның» екінші үздік бомбардирі Максим Мусоров өз күшін Құрлықтық хоккей лигасының «Адмирал» клубында сынап көреді. Шабуылшы Қиыр Шығыс командасымен бір жыл мерзімге екіжақты келісімшартқа қол қойды.
«Бейбарыс» Иван Казаченкомен екі жылдық келісімшарт жасасты. Өткен маусымда ол Атырау командасында жалға алу шартымен ойнап, 34 матчта 14 (6+8) ұпай жинаған болатын.Батысқазақстандық клуб шабуылшының трансферлік құқықтарын «Құлагерден» иеленді. Ал кері бағытта, Петропавлға, тағы бір шабуылшы Даниил Свинтальский ауысты.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager