Командалардың Pro Hokei Ligasy-ның кезекті маусымындағы өнерін қорытындылауды жалғастырамыз. Бүгін әңгіме «Торпедо» туралы болмақ.
Нәтиже
2025 жылы финалда жеңіліс тапқаннан кейін өскемендік ұжым құрамына бірқатар нақты өзгерістер енгізіп, жаңа маусымды тағы да алтын жүлдеге басты үміткерлердің бірі ретінде бастады.Тұрақты чемпионатта «Торпедо» 54 матчтың 40-ында жеңіске жетіп, маусым соңындағы сәтті сериясының арқасында плей-офф алдында «Сарыарқаны» басып озып, екінші орынға көтерілді.Алайда кейін жартылай финалда дәл сол қарағандылықтар «Торпедоны» жарыс жолынан шығарды. Оның үстіне көпшілік күтпеген бұл текетірес бес матчта аяқталды.Үшінші орын үшін өткен серияда өскемендік команда «Құлагерді» ең аз кездесулер санында жеңіп, қатарынан екінші жыл Pro Ligasy жүлдегерлерінің қатарына енді.

Оқиғалар
Чемпионаттың алғашқы турында-ақ «Торпедо» «Арланды» 9:0 есебімен ойсырата жеңді. Одан кейін өскемендік команда әсерлі ойын өрнегін көрсетіп, 12 матчтың 10-ында жеңіске жетті және бірден ең жоғары орындарға таласуға дайын екенін аңғартты.Алайда Андрей Корабейников шәкірттерінің ең жарқын ойыны 30 қаңтарда өтті. Географиялық көршісі «Ертіспен» сырт алаңдағы кездесу 16:1 есебімен аяқталды. Бұл матчта Никита Колобов хет-трик авторы атанып, оған қоса төрт нәтижелі пас берді.

Көшбасшылар
Команданың негізгі қозғаушы күшіне айналған тәжірибелі Дмитрий Гренц тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша лиганың үздік алты бомбардирінің қатарына кіріп, жалпы маусымда 80 ұпай (25 шайба + 55 нәтижелі пас) жинады.Максим Мусоров Pro Ligasy-дағы ең үздік маусымын өткізіп, 19 шайба соғып, 48 нәтижелі пас берді. Енді ол өзінің күшін Приморье өлкесінің «Адмирал» клубында сынап көрмек.Маусым бойы Андрей Янков пен Владислав Пестовтан құралған қақпашылар жұбы тұрақты әрі сенімді ойын көрсетті. Олар қақпашыларға арналған барлық негізгі статистикалық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Цитата
– «Сарыарқамен» өткен сериядан айырмашылығы, «Құлагерге» қарсы матчтарда біз өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалана алдық, – деді «Торпедоның» бұрынғы бас бапкері Андрей Корабейников.– Бізді әрдайым қолдап жүрген жанкүйерлерімізге, соның ішінде сырт алаңдағы кездесулерде де қолдау көрсеткендері үшін, үлкен алғысымды білдіремін. Команда олардың қолдауын анық сезінді, тіпті оларды біздің алтыншы алаң ойыншымыз болды деуге болады.

Қорытынды
Команда кезекті рет жүлдеге ие болғанына қарамастан, клуб басшылығы өзгерістер жасауға шешім қабылдап, жергілікті жанкүйерлерге жақсы таныс Алексей Ждахинді қайтадан бас бапкер қызметіне тағайындады.Сонымен қатар қақпашылар шебін күшейту мақсатында Сергей Кудрявцевпен келісімшарт жасалды. Бұл қадам қола жүлденің клуб үшін жеткілікті нәтиже болмағанын аңғартады.Демек, алдағы маусымда «Торпедоны» тағы да чемпионаттың басты фавориттері мен көшбасшыларының қатарынан көруге толық негіз бар.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager