2026 жылғы Қазақстан Кубогінің кестесі

20 shilde
3832

Алдағы Қазақстан Кубогінің топтық құрамы мен матчтар күнтізбесін назарларыңызға ұсынамыз.

Биыл беделді жүлде үшін 10 команда бақ сынайды. Өткен маусымның рейтингіне сәйкес олар екі топқа бөлінді.

Өскеменде өтетін А тобында елдің қазіргі чемпионы – Астананың «Номад» командасы, жергілікті «Торпедо», Көкшетаудың «Арлан», «Алматы» және «Ақтөбе» командалары өнер көрсетеді.

Матчтары Қарағандыда өтетін В тобына «Сарыарқа», Петропавлдың «Құлагер», Рудныйдың «Горняк», Атыраудың «Бейбарыс» және Павлодардың «Ертіс» командалары енді.

Алдын ала кезеңнің кездесулері 14–19 тамыз аралығында өтеді. Одан кейін плей-офф кезеңінде жартылай финалдар ұйымдастырылады (топ жеңімпаздары параллель топта екінші орын алған командалармен кездеседі) және финалдық матч өтеді. Шешуші ойындар 22–23 тамыз күндері Қарағандыда ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Кубогінің қазіргі иегері – «Торпедо» командасы.

Матчтардың кестесі

14 тамыз, Жұма

15.00 NOMAD – AQTOBE

15.00 QULAGER – GORNYAK

19.00 TORPEDO – ARLAN

19.00 SARYARQA – ERTIS

15 тамыз, Сенбі

17.00 AQTOBE – ALMATY

17.00 ERTIS – BEIBARYS

16 тамыз, Жексенбі

13.00 NOMAD – ARLAN

13.00 BEIBARYS – QULAGER

17.00 ALMATY – TORPEDO

17.00 SARYARQA – GORNYAK

17 тамыз, Дүйсенбі

19.00 ARLAN – AQTOBE

19.00 GORNYAK – ERTIS

18 тамыз, Сейсенбі

15.00 ALMATY – NOMAD

15.00 QULAGER – ERTIS

19.00 AQTOBE – TORPEDO

19.00 BEIBARYS – SARYARQA

19 тамыз, Сәрсенбі

15.00 ARLAN – ALMATY

15.00 GORNYAK – BEIBARYS

19.00 TORPEDO – NOMAD

19.00 SARYARQA – QULAGER

22 тамыз, Сенбі

13.00 Жартылай финалВ1 – А2

17.00 Жартылай финалА1 – В2

23 тамыз, Жексенбі

17.00 Финал


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.