Қазақстан хоккей федерациясының Республикалық жарыстарды өткізу департаменті 2026–27 жылғы маусымдағы Pro Hokei Ligasy Қазақстан тұрақты чемпионатының күнтізбесін ұсынады.
Алдағы маусымда Қазақстан чемпионатының жүлделері үшін 10 команда бақ сынайды: «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Құлагер», «Номад», «Сарыарқа» және «Торпедо». Күнтізбені әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық құрамалары қатысатын жарыстар: Азия чемпионаты, халықаралық турнирлер, Қысқы дүниежүзілік Универсиада, әлем чемпионаттары және басқа да жарыстар ескерілді. Турнир үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңнің күнтізбесі өткен маусым қорытындысы бойынша командалардың иеленген орындарына сәйкес жасалды. Барлық командалар бір-бірімен екі кездесуден өткізеді. Сонымен қатар өткен маусымда бірінші мен бесінші орындар аралығын иеленген ұжымдар бірінші кезеңде өз алаңында көбірек матч өткізу артықшылығына ие болады.
Екінші кезеңде барлық командалар бір-бірімен төрт кездесуден өткізеді (өз алаңында – 2, түзде – 2). Осылайша, тұрақты чемпионат барысында әрбір команда 54 матч өткізеді.
Чемпионаттың алғашқы ойын күні (1 қыркүйек) Астанада «Номад» пен «Ертіс» кездеседі, Қарағандыда «Сарыарқа» мен «Бейбарыс» ойнайды, ал Петропавлда «Құлагер» «Ақтөбені» қабылдайды. 2 қыркүйекте Өскеменде «Торпедо» мен «Алматы», ал Көкшетауда «Арлан» мен «Горняк» арасындағы матчтар өтеді.
Тұрақты чемпионаттың соңғы матчтары 2027 жылғы 17 ақпанда өтеді.
Әрі қарай үздік сегіз команда плей-офф кезеңіне (үшінші кезең) жолдама алып, оның қорытындысы бойынша Pro Hokei Ligasy чемпионы мен жүлдегерлері анықталады. Кубок кезеңі 21 ақпанда басталады, плей-оффтың барлық сериялары төрт жеңіске дейін жалғасады. Финалдық серияның жетінші матчы (қажет болған жағдайда) 16 сәуірде өтеді. Биылғы маусымда үшінші орын үшін де серия жоспарланған. Ол үш жеңіске дейін жалғасып, 1–9 сәуір аралығында (қажет болған жағдайда) өтеді.
2026–27 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионатының күнтізбесімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады. Жақын уақытта барлық матчтар ресурсымыздың тиісті бөлімінде қолжетімді болады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Aqtóbe
Torpedo
Arlan
Nomad
Almaty
Saryarqa
Gornyak
Qulager
Beibarys
Ertis