Өскемен мен Қарағандыда 2026 жылғы Қазақстан кубогінің алғашқы матчтары өтті.

«Торпедо» «Арланның» арынын басу үшін көп тер төкті. Алаң иелері сапында Михаил Рахманов, Данияр Каиров және жеңіс шайбасының авторы атанған Дмитрий Гренц мергендік танытты. Өзі түлеп ұшқан клуб жүйесіне қайта оралған Сергей Кудрявцев қақпаға бағытталған 14 соққыны қайтарды.
«Торпедо» - «Арлан» 3:2 (1:0, 1:0, 1:2)
1:0 - 16:14 - Рахманов (Боровиков, Сагымбаев)
2:0 - 25:08 - Каиров (Рифель)
2:1 - 45:35 - Коротин (Санников) ГБ
3:1 - 49:21 - Гренц (Панченко, Алдабергенов)
3:2 - 50:56 - Кисель (Захаров)
Қақпашылар: Кудрявцев - Каратаев

«Сарыарқа» «Ертіске» еш мүмкіндік қалдырмады. Алаң иелері сапында Данила Карабань мен Руслан Дёмин мергендік есептерін толықтырса, Дмитрий Преснов пен Евгений Королинский сан басымдығын сәтті пайдаланды. Михаил Гулый павлодарлықтардың турнирдегі алғашқы голының авторы атанды. Матчтың нүктесін финалдық сиренаға 42 секунд қалғанда жергілікті жанкүйерлердің көңілін түсірген Адам Евлоев қойды. Алайда бұл шайба қорытынды нәтижеге еш әсер еткен жоқ, ал Владимир Князев шәкірттері өз алаңындағы жарысты жеңіспен бастады.
«Сарыарқа» - «Ертіс»4:2 (1:0, 2:0, 1:2)
1:0 - 19:49 - Карабань (Волков, Дёмин)
2:0 - 24:59 - Дёмин (Шульга, Смольянинов)
3:0 - 35:27 - Преснов (Лихотников, Михайлов) ГБ
4:0 - 44:48 - Королинский (Наместников, Дёмин) ГБ
4:1 - 50:53 - Гулый (Евлоев) ГБ
4:2 - 59:18 - Евлоев (Лариков, Мальцев) ГБ
Қақпашылар: Ибрагимов - Какенов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa