2026 жылғы Қазақстан Кубогі екі матчпен жалғасты.

«Ақтөбе» мен «Алматы» арасындағы кездесуде есеп екінші үзіліске аз уақыт қалғанда ашылды – номиналды алаң иелерін Ерасыл Шайкенов алға шығарды. Ал шешуші кезеңнің басында Захар Захаров жеке шеберлігін паш етіп, қонақтар қақпашысына еш мүмкіндік қалдырмады. Осы эпизодтан кейін алматылықтар ойынға белсенді араласып, көп ұзамай турнирдегі алғашқы шайбасын соқты – оның авторы Рахимбек Мейірман болды.
Одан кейін Александр Нестеровтің шәкірттері «5-ке 3» форматында ойнап, есепті теңестіруге тамаша мүмкіндік алды. Артынша олар бес минуттық сан басымдығына ие болды, алайда «Ақтөбе» сапындағы кіші айып бұл басымдықтың әсерін біршама азайтты. Дегенмен Оңтүстік Қазақстаннан келген ұжымға ойынды құтқарып қалу мүмкін болмады. Керісінше, Владислав Плотников кем құрамда мергендік танытып, бұл шайба «Ақтөбеге» екінші жеңісін әкелді және екі ойын күнінің қорытындысы бойынша А тобында көш бастауға мүмкіндік берді. Максим Дубовичқақпағабағытталған 37 соққынықайтарды.
«Ақтөбе» - «Алматы»3:2 (0:0, 1:0, 2:2)
1:0 - 37:27 - Шайкенов (Плотников)
2:0 - 43:33 - Захаров (Трибунский)
2:1 - 45:08 - Мейрман (Селезнёв, Андрусенко)
3:1 - 55:06 - Плотников (Петров) ГМ
3:2 - 58:18 - Гафаров
Қақпашылар: Дубович - Шпилев

«Ертіс» турнирдегі екінші матчында «Бейбарысқа» лайықты қарсылық көрсете алмады. Атыраулықтар әр кезеңде бір-бір шайбадан соғып, қорғаныста өте сенімді ойнады. Голдардың авторлары – Евгений Гасников, Владимир Шлычков және Мадихан Күнтуғанов. Батысқазақстандықтардың қақпашысы Алексей Байдек 22 соққыны қайтарып, матчты гол жібермей аяқтады.
«Ертіс» - «Бейбарыс»0:3 (0:1, 0:1, 0:1)
0:1 - 06:47 - Гасников (Асуханов, Ананичев)
0:2 - 26:53 - Шлычков (Ананичев, Асуханов) ГБ
0:3 - 42:07 - Күнтуғанов (Еркінов)
Қақпашылар: Какенов - Байдек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa