Өскемен мен Қарағандыда 2026 жылғы Қазақстан Кубогінің бәсекесі қыза түсуде.

«Номад» пен «Арлан» арасындағы кездесу көкшетаулық ұжымның минималды есеп айырмасымен жеңісімен аяқталды. «Көкшетаулықтар» шешуші кезеңнің ортасында негізгі серпіліс жасады: Захар Захаров пен Илья Шапоров екі минутқа жетпейтін уақыт ішінде қарсылас қақпасына екі шайба соқты. Владимир Маркелов командасының жаңа ойыншысы Вячеслав Коротин үш нәтижелі паспен көзге түсті. Ал «көшпенділер» сапында Артур Гросс бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Осылайша, «Арлан» биылғы турнирдегі алғашқы ұпайларына қол жеткізсе, елдің қазіргі чемпионы қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады.
«Номад» - «Арлан»3:4 (1:1, 1:1, 1:2)
0:1 - 01:59 - Кураков (Коротин) ГБ
1:1 - 18:38 - Гросс (Ситников, Сидоренко)
1:2 - 35:50 - Басов (Коротин, Санников)
2:2 - 37:23 - Бейсембаев
2:3 - 49:51 - Захаров (Эрфурт)
2:4 - 51:41 - Шапоров (Санников, Коротин)
3:4 - 55:37 - Түсіпбеков (Гросс, Ситников)
Қақпашылар: Дударкиев - Истомин

Кубоктегі алғашқы кездесуінде жеңіліс тапқан «Құлагер» тиісті қорытынды шығарып, «Бейбарысты» сенімді түрде жеңді. Петропавлдықтардың көшбасшылары нәтижелі ойын өрнегін көрсетті: Александр Гопиенко дубль жасаса, Дмитрий Исмагилов (1+2) пен Евгений Попитич өз командасының үш голдық шабуылына қатысты.
Андрей Спиридонов шәкірттері Кубоктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, В тобынан жартылай финалға берілетін екі жолдамадан үміткерлер қатарына қайта қосылды.
«Бейбарыс» - «Құлагер»1:4 (0:0, 0:2, 1:2)
0:1 - 27:01 - Гопиенко (Исмагилов, Попитич)
0:2 - 30:41 - Исмагилов (Борисов, Попитич)
1:2 - 46:06 - Ткачев (Асуханов, Гасников)
1:3 - 48:36 - Гопиенко (Исмагилов, Попитич) ГБ
1:4 - 57:23 - Сайко (Анисимов)
Қақпашылар: Микушин - Янков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa