Жанкүйерлерді 2026 жылғы Қазақстан кубогінің жартылай финалдық жұптарымен таныстырамыз. Турнирдің шешуші ойынына берілетін алғашқы жолдама үшін «Торпедо» мен «Горняк» командалары бақ сынайды.
Өскемендіктер алдын ала кезеңді сенімді өткізіп, өз алаңындағы А тобында жеңімпаз атанды. Алексей Ждахиннің шәкірттері 4 жеңіске жетіп, бұл кездесулердің барлығын негізгі уақытта аяқтады. Ал рудныйлықтар аса тартысты өткен В тобында екінші орын алды. Соңғы ойын күніне дейін бұл топта плей-оффқа төрт команда таласты, ал «Горняк» негізгі уақытта үш жеңіске жетіп, плей-оффқа жолдама алған командалардың бірі болды.
«Торпедо» – топтық кезеңдегі ең нәтижелі (23 шайба) команда әрі қорғаныстағы ең сенімді ұжым (бар болғаны 5 шайба жіберіп алды). Сергей Невструевтің шәкірттері 19 шайба соқты – В тобындағы ең үздік көрсеткіш.
«Горняк» командасының екі ойыншысы турнир сұрмергендері кестесінде көш бастап тұр. Александр Куршук пен Тимур Шингареев 7 (2+5) ұпайдан жинады. Олардың ізін ала бұл тізімде «Торпедоның» үш өкілі келеді: Диас Гусейнов (5+1), Дмитрий Гренц (4+2) және Павел Жирнов (4+2).
Бұл текетірестің қорытындысына көп жағдайда қақпашылардың ойыны әсер етеді. Тимур Мейдер (шайбаны тойтару көрсеткіші – 96,5%) мен Антон Осокин (96%) топтық кезеңді жоғары деңгейде өткізіп, орта есеппен бір шайбадан ғана жіберіп отырды. Сонымен қатар «Торпедо» сапында тәжірибелі Сергей Кудрявцев те бар (СК – 1,5, шайбаны тойтару көрсеткіші – 92,1%).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Qulager
Nomad
Torpedo
Arlan