Торпедо екінші жыл қатарынан Қазақстан Кубогін жеңіп алды

25 tamyz
536

Қарағандыда шайбалы хоккейден 2026 жылғы Қазақстан кубогінің финалдық матчы өтті.

«Сарыарқа» кездесудің алғашқы минуттарында-ақ есеп ашты. Александр Борисевич Степан Александров айып алаңынан шыққаннан кейін бір секунд өткенде дәл соққысымен көзге түсті. Алайда үзіліске дейін «Торпедо» хоккейшілері есепті теңестіріп қана қоймай, алға да шықты. Степан Рифель мен Эрик Алдабергеновтің голдарының арасы бес минутты құрады.

Екінші кезеңнің басында қонақтардың басымдығын Никита Колобов арттырды. Ол командасы кем құрамда ойнап жатқанда қарсы шабуылға шығып, қарағандылықтардың қақпашысы Данил Кадочниковке еш мүмкіндік қалдырмады. Соңғы кезеңде Диас Гусейнов дубль жасап, Алексей Ждахин шәкірттерінің басымдығын нығайта түсті.

Қарсылас қақпасының алдында тамаша ойнаған Кирилл Пономарёв «сары-қаралардың» ойынына біраз серпін берді. Алайда көп ұзамай Дмитрий Гренц сан басымдығын пайдаланып, жауап шайбасын соқты. Сәл кейінірек Колобов та өзінің екінші шайбасын салды, ал Павел Жирнов қарсыластардың сағын біржола сындырды.

Осылайша, «Торпедо» Қазақстан Кубогінің иегері атағын сенімді түрде қорғап, беделді турнирде екінші жыл қатарынан жеңіске жетті.

«Сарыарқа» - «Торпедо» 2:8 (1:2, 0:1, 1:5)

1:0 - 02:46 - Борисевич (Сиксна, Лихотников)

1:1 - 10:04 - Рифель (Гавриленко)

1:2 - 15:19 - Алдабергенов (Гренц, Панченко)

1:3 - 26:53 - Колобов (Глухих) ГМ

1:4 - 43:08 - Гусейнов (Бутенко, Данияр)

1:5 - 44:58 - Гусейнов (Гатиятов, Бутенко) ГБ

2:5 - 45:20 - Пономарёв (Шульга)

2:6 - 50:22 - Гренц (Алдабергенов, Хорошев) ГБ

2:7 - 50:59 - Колобов (Прохоров)

2:8 - 53:22 - Жирнов (Прохоров, Гавриленко)

Қақпашылар: Кадочников (Ибрагимов, 50:59-60:00) - Кудрявцев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.