Астана, Петропавл және Қарағанды қалаларында Pro Ligasy чемпионатының алғашқы турындағы қарымта кездесулер өтті.
«Номад» қарқынын бәсеңдетпей, «Ертісті» екінші рет ірі есеппен жеңді. Бүгін павлодарлықтардың қақпасына 14 шайба соғылды. «Көшпенділердің» гол соққан шабуылдарының дәл жартысына Даниил Цыбин қатысты (покер және 3 нәтижелі пас), ал Әділ Бейсембаевтың еншісінде 6 (1+5) ұпай бар.
«Номад» - «Ертіс» 14:1 (3:1, 10:0, 1:0)
1:0 - 00:21 - Бойко (Әлібек)
2:0 - 11:24 - Королёв (Бейсембаев, Шульга)
2:1 - 13:24 - Гулый (Кладов)
3:1 - 14:06 - Цыбин (Королёв, Бейсембаев)
4:1 - 23:22 - Цыбин (Бейсембаев, Шульга)
5:1 - 23:45 - Цыбин (Шульга, Никитин)
6:1 - 25:43 - Умеренков (Королёв, Мерзликин)
7:1 - 27:17 - Калелхан (Цыбин, Бейсембаев)
8:1 - 28:03 - Цыбин (Бейсембаев, Мерзликин) ГБ
9:1 - 29:19 - Маңғысбаев (Умеренков, Симонов)
10:1 - 30:30 - Бейсембаев (Цыбин, Шульга)
11:1 - 35:20 - Китаров (Мигунов, Русланулы)
12:1 - 36:56 - Шульга (Цыбин, Никитин)
13:1 - 37:45 - Мерзликин (Калелхан, Умеренков)
14:1 - 40:32 - Ситников (Бойко) ГМ
Қақпашылар: Шестаков - Какенов (Коваль, 23:52-36:56)
«Құлагер» мен «Ақтөбе» арасындағы қарымта кездесудің жеңімпазы тек овертаймда анықталды. Қонақтар 0:2 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестірді. Алайда қосымша уақытта петропавлдықтар жеңісті жұлып алды. Сан басымдығын пайдаланған Денис Чапоров шешуші шайбаның авторы атанды.
«Құлагер» - «Ақтөбе» 3:2 ОТ (1:0, 1:1, 0:1, 1:0)
1:0 - 08:16 - Боровков (Анисимов, Чапоров)
2:0 - 25:41 - Анисимов (Гребенщиков, Мартынов) ГБ
2:1 - 28:42 - Козорез (Хоменко)
2:2 - 49:40 - Герасимов (Бикситов, Киселёв)
3:2 - 60:51 - Чапоров (Гребенщиков, Боровков) ГБ
Қақпашылар: Дубинскас - Дубович
Қазақстанның кеншілер астанасында өткен матч та негізгі уақыттан тыс аяқталды. Евгений Гасниковтың дублі атыраулықтарға биылғы чемпионаттағы алғашқы ұпайын иеленуге мүмкіндік берсе, Егор Наместниковтың дәл соққысы «Сарыарқаға» тұрақты чемпионаттың басында қатарынан екінші жеңісін әкелді.
«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 3:2 ОТ (1:0, 1:1, 0:1, 1:0)
1:0 - 04:56 - Сиксна (Борисевич, Лихотников) ГБ
2:0 - 35:42 - Королинский
2:1 - 38:45 - Гасников (Дорофеев)
2:2 - 46:43 - Гасников (Асуханов, Гусев)
3:2 - 62:17 - Наместников (Никулин, Волков)
Қақпашылар: Кадочников - Микушин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Gornyak