Торпедо Алматыдан жеңісті жұлып алды, Горняк Арланнан қарымта қайтарды

3 qyrkúıek
478

Өскемен мен Көкшетауда басталған Pro Ligasy тұрақты чемпионатының кезекті матчтары өтті.

«Алматының» жұлдызды жаңа ойыншысы Евгений Рымарев гол соғып, нәтижелі пас бергенімен, бұл командаға маусымдағы алғашқы ұпайларын алуға көмектесе алмады. «Торпедо» бұған Никита Колобов, Александр Панченко және матчтың аяқталуына екі минуттан сәл астам уақыт қалғанда көзге түскен Павел Жирновтың шайбаларымен жауап берді. Антон Осокин 29 рет сейв жасады.

«Торпедо» - «Алматы» 3:2 (1:0, 1:0, 1:2)

1:0 - 06:08 - Колобов (Жирнов)

2:0 - 34:43 - Панченко (Александров, Алдабергенов)

2:1 - 47:08 - Рымарев (Свинтальский, Литовченко) ГБ

2:2 - 56:33 - Ольшанский (Рымарев) ГБ

3:2 - 57:49 - Жирнов (Колобов, Гавриленко)

Қақпашылар: Осокин - Осипов

«Горняк» Көкшетауда тартысты өткен кездесуде қарымта жеңіске жетті. Рудныйлықтардың көшбасшылары Гурин мен Юлбарисовтың нәтижелі байланысы қарқын алып келеді: бүгін қос хоккейшінің де еншісінде 1+1 ұпайдан. «Арлан» сапындағы жалғыз шайбаны Кирилл Басов соқты – ол көпшілік құрамдағы басымдықты сәтті пайдаланды. Ал Степан Санников буллитті жүзеге асыра алмады.

«Арлан» - «Горняк» 1:3 (0:1, 0:1, 1:1)

0:1 - 09:05 - Юлбарисов (Гурин) ГБ

0:2 - 37:25 - Гурин (Юлбарисов)

0:3 - 45:40 - Пархоменко (Кротов, Катков) ГМ

1:3 - 54:35 - Басов (Пузанов) ГБ

Қақпашылар: Каратаев - Никитин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.