Қазақстан чемпионатында сенбі күні екі матч өтеді.
«Құлагер» тартысты кездесуде «Бейбарыстың» қарсылығын сындырып, жеңіске жетті. Петропавлдықтарға жеңіс сыйлаған шайбаны Альберт Гатин соқты. Ол шешуші үшінші кезеңнің басында көпшілік құрамдағы басымдықты сәтті пайдаланды. Алаң иелері сапында Евгений Попитич дубль жасады.Андрей Спиридоновтың шәкірттері чемпионат басталғалы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Осы нәтижеден кейін солтүстікқазақстандықтар лига көшбасшыларының қатарынан орын алды.
«Құлагер» - «Бейбарыс» 4:3 (1:1, 1:2, 2:0)
0:1 - 03:54 - Шишов (Авдеенко, Гусейнов)
1:1 - 19:13 - Попитич (Исмагилов)
1:2 - 22:31 - Гусейнов (Асуханов)
2:2 - 24:14 - Анисимов (Мартынов)
2:3 - 25:13 - Гасников (Гусев) ГБ
3:3 - 41:11 - Попитич (Воробьёв, Гатин) ГБ
4:3 - 45:19 - Гатин (Воробьёв, Исмагилов) ГБ
Қақпашылар: Янков - Шефер
«Сарыарқа» да чемпионаттағы жүз пайыздық нәтижесін жалғастырып келеді. Бүгін қарағандылықтар «Ақтөбені» ірі есеппен жеңді. Ал «Ақтөбе» маусым басынан бері үшінші жеңілісіне ұшырады. Кездесудің басты қаһарманы алаң иелерінің шабуылшысы Дмитрий Преснов болды. Ол хет-трик рәсімдеді. «Сарыарқаның» төрт нәтижелі шабуылына Данила Карабань тікелей атсалысып, 2+2 көрсеткішіне қол жеткізді. Айта кетейік, бүгін «сары-қаралар» сапында «Карметтің» көшбасшылары – қақпашы Алексей Зюзин мен шабуылшы Никита Рублёв ересектер арасындағы деңгейде дебют жасады. Сондай-ақ бұл кездесуде соғылған 10 шайбаның жетеуі көпшілік құрамдағы басымдық кезінде соғылғанын атап өткен жөн.
«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 8:2 (2:0, 2:1, 4:1)
1:0 - 00:33 - Преснов (Борисевич, Сиксна)
2:0 - 13:56 - Преснов (Карабань, Лихотников) ГБ
2:1 - 23:56 - Александров (Плотников, Захаров) ГБ
3:1 - 27:48 - Карабань (Волков, Борисевич)
4:1 - 28:53 - Преснов (Борисевич, Лихотников) ГБ
5:1 - 45:33 - Карабань (Борисевич, Сиксна) ГБ
5:2 - 46:50 - Комаров (Козорез, Александров) ГБ
6:2 - 54:44 - Лихотников (Карабань, Преснов) ГБ
7:2 - 55:45 - Никулин (Волков, Михайлов) ГБ
8:2 - 56:48 - Хрипков (Дурглишвили, Волков)
Қақпашылар: Кадочников (Зюзин, 55:45-60:00) - Костюков (Шарипов, 50:55-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Arlan
Saryarqa
Qulager