Горняк Номадты Нуректің дебюттің матчында жеңді, Алматының алғашқы жеңісі, Торпедоның алғашқы жеңілісі

6 qyrkúıek
657

Pro Ligasy-ның Астана, Көкшетау және Павлодардағы матчтарын бақылайық.

«Номад» пен «Горняк» арасындағы кездесуде есепті Pro Ligasy-ндағы алғашқы шайбасын соққан Абзал Әлібек ашты. Алайда рудыйлықтар үзіліске дейін есепті теңестірді. Тимур Шингаереевтің соққысынан кейін таблодағы есеп теңесті. Екінші кезеңде Владимир Кротов көпшілік құрамдағы басымдықты пайдаланып, қонақтарды алға шығарды. Ал шешуші үштікте сол Кротов елордалықтардың дебютанты Владислав Нуректі үшінші рет қапы қалдырды. Айта кетейік, қақпашы «Номадқа» дәл «Горняктан» ауысқан болатын. Кезең соңына қарай Даниил Цыбин жеке дара өтіп, әдемі гол соғып, есеп айырмасын барынша қысқартты. Ал көп ұзамай Абзал Әлібек те шебер жеке әрекетімен көзге түсіп, дубльін рәсімдеді де, командалар овертаймға кетті.

Ойын буллиттер сериясына небәрі екі секунд қалғанда аяқталды. «Номад» бапкерлер штабы қақпашыны алтыншы алаң ойыншысына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Осы сәтті Данила Платонов тиімді пайдаланып, елордалықтардың жеңісті сериясын үзді

«Номад» - «Горняк» 3:4 ОТ (1:1, 0:1, 2:1, 0:1)

1:0 - 04:55 - Әлібек (Бойко, Королёв)

1:1 - 16:21 - Шингареев (Юлбарисов, Гурин)

1:2 - 34:20 - Кротов (Юлбарисов, Гурин) ГБ

1:3 - 55:52 - Кротов (Куршук, Гурин) ГБ

2:3 - 56:12 - Цыбин (Никитин)

3:3 - 59:04 - Алибек (Тусупбеков, Королёв) ГБ

3:4 - 64:58 – Платонов ПВ

Қақпашылар: Нурек - Мейдер

«Арлан» «Торпедоны» жеңіп, шешуші үшінші кезеңде екі рет көпшілік құрамдағы басымдықты пайдаланып, жеңісті жұлып алды. Кездесудің басты қаһарманы Вячеслав Коротин атанды. Алаң иелерінің қақпашысы Денис Каратаев қақпаға бағытталған 31 соққыға тосқауыл қойды. Өскемендік команда үшін бұл маусымдағы алғашқы жеңіліс болды.

«Арлан» - «Торпедо» 3:2 (1:0, 0:1, 2:1)

1:0 - 07:57 - Касенов (Ищенко)

1:1 - 26:07 - Алдабергенов (Гренц, Колобов) ГБ

1:2 - 49:00 - Жирнов (Бутенко, Гусейнов) ГБ

2:2 - 50:07 - Коротин (Санников, Басов) ГБ

3:2 - 54:14 - Коротин (Пузанов, Санников) ГБ

Қақпашылар: Каратаев - Кудрявцев

«Алматы» түзде «Ертістен» басым түсіп, басталған чемпионаттағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді. Жеңіс шайбасын Владимир Корчагин соқты. Ал оңтүстік астаналықтардың жаңадан тағайындалған капитаны Евгений Рымарев серіктестеріне үш нәтижелі пас берді.

«Ертіс» - «Алматы» 2:6 (0:2, 1:2, 1:2)

0:1 - 11:47 - Свинтальский (Рымарев, Ольшанский) ГБ

0:2 - 15:24 - Перкин (Гафаров)

0:3 - 23:24 - Корчагин (Рымарев, Литовченко)

0:4 - 30:54 - Бурделёв (Алламов, Корчагин)

1:4 - 38:22 - Индюков (Акпирганов)

1:5 - 42:36 - Сапарбек (Бурделёв, Габдуллин) ГБ

1:6 - 54:12 - Литовченко (Свинтальский, Рымарев)

2:6 - 58:01 - Пидяшов (Завьялов)

Қақпашылар: Какенов - Шпилев (Павлов, 46:56-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.