Номад көшбасшылар қатарына оралды

10 qyrkúıek
311

Елордада «Номад» пен «Алматы» арасында алғашқы матч өтті.

Оңтүстік астаналықтар сапында жеңістер мен жеңілістер кезектесіп келеді. Бүгін алматылықтар екі шабуылын сәтті аяқтағанымен, «көшпенділер» бұған алты голмен жауап берді. «Барыстан» командировкаға келген Бейбарыс Оразов (1+3) пен Батырлан Мұратов (0+3) нәтижелі ойын көрсетті. «Номад» қақпашысы 19 жастағы Данил Лыткин ересектер деңгейіндегі мансабындағы алғашқы матчын өткізді. 10 мүмкін ұпайдың 9-ын еншісіне жазған Константин Пушкарёвтың шәкірттері Pro Ligasy көшбасшыларының қатарына қайта қосылды.

«Номад» - «Алматы» 6:2 (2:0, 3:1, 1:1)

1:0 - 11:21 - Оразов (Шульга) ГБ

2:0 - 15:37 – Маңғысбаев (Мұратов, Мерзликин)

3:0 - 20:01 - Бойко (Оразов, Муратов) ГБ

4:0 - 21:08 - Цыбин (Оразов)

5:0 - 26:17 - Китаров (Түсіпбеков, Двуреченский)

5:1 - 37:56 - Габдуллин (Бурделёв, Сапарбек) ГБ

6:1 - 48:47 - Ситников (Оразов, Мұратов) ГБ

6:2 - 57:52 - Фокин

Қақпашылар: Шестаков (Лыткин, 48:47-60:00) - Шпилев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.