Қазақстан чемпионатының Павлодар мен Қарағандыдағы матчтарын бақылайық.
Маусым басында қатарынан төрт рет жеңілген атыраулықтар бұл сәтсіз серияны ақыры үзді. Бүгін «Бейбарыс» сырт алаңда «Ертісті» ірі есеппен жеңді. Қонақтар шабуылшысы Евгений Орлов 3 (1+2) ұпай жинаса, Евгений Гасников серіктестеріне екі нәтижелі пас берді. Алаң иелерінің абырой шайбасын Адам Евлоев соқты.
«Ертіс» - «Бейбарыс» 1:6 (0:4, 0:1, 1:1)
0:1 - 00:29 - Орлов (Дорофеев, Гасников)
0:2 - 01:45 - Ананичев (Казаченко)
0:3 - 03:02 - Дорофеев (Орлов, Гасников) ГБ
0:4 - 03:25 - Гусейнов (Асуханов)
0:5 - 24:12 - Еркинов (Орлов, Габазов)
0:6 - 45:14 - Асуханов (Авдеенко)
1:6 - 59:48 - Евлоев (Лариков, Гулый)
Қақпашылар: Коваль (Челайдюк, 03:25-60:00) - Байдек
«Сарыарқа» мен «Торпедо» арасындағы алғашқы кездесуде көрермендер небәрі екі нәтижелі шабуылдың куәсі болды. Шешуші үшінші кезеңнің ортасында Александр Борисевич Сергей Кудрявцевтің қақпасын қапы қалдырды. Ал сиренаға 3 секунд қалғанда Данила Карабань өскемендіктердің бос қақпасын дәл көздеп, бүгінгі матчтың қорытынды есебін белгіледі.
«Сарыарқа» - «Торпедо» 2:0 (0:0, 0:0, 2:0)
1:0 - 50:50 - Борисевич (Наместников, Преснов)
2:0 - 59:57 - Карабань ПВ
Қақпашылар: Кадочников - Кудрявцев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa