Сарыарқа мен Номад үздік үштікте қалды, Құлагер мен Алматы плей-офф аймағындағы орындарын нығайтты

23 qyrkúıek
264

Сәрсенбі күні Қазақстан хоккей чемпионатында төрт матч жоспарланған.

«Сарыарқа» «Арланға» қарсы кездесуде сан басымдығын үш рет сәтті пайдаланып, ойынды сенімді түрде маусымдағы жетінші жеңісіне жеткізді. Данила Карабань екі гол соғып, бір нәтижелі пас берсе, қарағандылықтардың капитаны Эдгарс Сиксна да үш ұпай (2+1) жинады. Жеңіліске қарамастан, көкшетаулықтар лиганың үздік үштігіндегі орнын сақтап қалды.

«Сарыарқа» - «Арлан» 5:2 (0:0, 3:1, 2:1)

1:0 - 27:08 - Түсіпбеков (Шульга, Пальмтаг)

2:0 - 30:43 - Смольянинов (Карабань, Сиксна) ГБ

2:1 - 33:43 - Коротин ШБ

3:1 - 38:40 - Карабань (Лихотников, Никулин)

3:2 - 45:23 - Шегебаев (Коротин)

4:2 - 51:18 - Сиксна (Борисевич, Лихотников) ГБ

5:2 - 52:18 - Карабань (Борисевич, Сиксна) ГБ

Қақпашылар: Кадочников - Каратаев (Истомин, 52:18-60:00)

«Құлагер» «Ертісті» ірі есеппен жеңіп, чемпионат басталғалы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Павлодарлықтардың қақпасына Владимир Боровков пен Денис Чапоров екі шайбадан соқты. Егор Анисимов әріптестеріне төрт рет нәтижелі пас берсе, Александр Воробьёв пен Артём Сошников үш нәтижелі пастан жасады.

«Құлагер» - «Ертіс» 10:1 (3:1, 1:0, 6:0)

0:1 - 03:25 - Пидяшов (Акпирганов)

1:1 - 03:41 - Боровков (Анисимов)

2:1 - 10:27 - Штефан (Сошников, Своеволин)

3:1 - 15:12 - Исмагилов (Воробьёв)

4:1 - 23:49 - Чапоров (Своеволин, Анисимов)

5:1 - 40:28 - Чапоров (Гребенщиков, Анисимов) ГБ

6:1 - 41:36 - Гопиенко (Сошников, Воробьёв)

7:1 - 47:34 - Попитич (Гопиенко, Воробьёв)

8:1 - 49:44 - Боровков (Анисимов, Гопиенко)

9:1 - 51:55 - Шагаев (Сошников, Попитич)

10:1 - 58:53 - Мұқанов (Чапоров, Гребенщиков)

Қақпашылар: Янков - Коваль (Челайдюк, 49:44-60:00)

«Номад» алғашқы кезеңді қарқынды өткізіп, «Бейбарыстың» қарсылығын бұзды. Елордалық ұжым сапында Даниил Цыбин, Тимофей Симонов және Константин Двуреченский шайба соқты. Артём Шестаков қақпаға бағытталған 18 соққыны қайтарды. Осылайша, Константин Пушкарёвтың шәкірттері қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

«Бейбарыс» - «Номад» 1:3 (0:2, 1:1, 0:0)

0:1 - 12:29 - Цыбин

0:2 - 16:51 - Симонов (Гафуров)

1:2 - 20:21 - Гасников (Гусев, Асуханов)

1:3 - 22:58 - Двуреченский (Бейсембаев)

Қақпашылар: Шефер - Шестаков

«Алматы» «Ақтөбеге» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік бермеді. Тәжірибелі Евгений Рымарев дубль жасаса, алаң иелерінің үш нәтижелі шабуылына Владимир Корчагин (1+2) қатысты.

«Алматы» - «Ақтөбе» 5:2 (1:1, 2:1, 2:0)

0:1 - 06:58 - Шайкенов (Плотников, Трибунский) ГБ

1:1 - 12:29 - Свинтальский (Сапарбек)

1:2 - 21:27 - Шайкенов (Плотников, Трибунский) ГБ

2:2 - 31:35 - Рымарев (Корчагин, Бурделёв) ГБ

3:2 - 36:15 - Двуреченский (Корчагин)

4:2 - 52:04 - Рымарев

5:2 - 59:37 - Корчагин (Литовченко) ПВ

Қақпашылар: Шпилев - Костюков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.