Петропавл, Атырау және Алматыда өтіп жатқан Pro Ligasy матчтарын назарда ұстаймыз.
«Бейбарыс» пен «Номад» арасындағы қарымта кездесу де аса нәтижелі болмады. Бірінші кезеңнің ортасында Евгений Гасников алаң иелерін алға шығарды. Алайда «көшпенділер» екінші үзіліске дейін Кирилл Никитин мен Абай Маңғысбаевтың дәл соққыларының арқасында есепті өз пайдаларына өзгертті. Қалған уақытта Артём Шестаков бастаған қонақтардың қорғанысы қателікке жол бермеді. Елордалық ұжымның қақпашысы матч қорытындысы бойынша 30 соққыны қайтарды.
«Бейбарыс» - «Номад» 1:2 (1:0, 0:2, 0:0)
1:0 - 10:36 - Гасников (Асуханов)
1:1 - 31:00 - Никитин
1:2 - 35:32 - Маңғысбаев (Шульга, Цыбин) ГБ
Қақпашылар: Шефер - Шестаков
«Құлагер» «Ертіске» тағы да еш мүмкіндік бермей, өз жанкүйерлері алдында сенімді жеңіске жетті. Александр Воробьёв хет-трик жасаса, Арсений Борисов дубль авторы атанды. Евгений Попитич 6 (1+5) ұпай жинады. Осы жеңістен кейін Андрей Спиридоновтың шәкірттері турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал павлодарлықтар чемпионат басталғалы қатарынан оныншы рет жеңіліске ұшырады.
«Құлагер» - «Ертіс» 7:0 (3:0, 2:0, 2:0)
1:0 - 00:43 - Воробьёв (Попитич)
2:0 - 04:06 - Воробьёв (Гопиенко, Попитич)
3:0 - 10:56 - Попитич
4:0 - 28:08 - Борисов (Гопиенко, Попитич)
5:0 - 38:17 - Воробьёв (Борисов, Попитич)
6:0 - 42:37 - Сайко (Мұқанов, Андрусенко)
7:0 - 48:38 - Борисов (Воробьёв, Попитич)
Қақпашылар: Дубинскас - Челайдюк
«Ақтөбе» де чемпионаттың басында әзірге өз ойынын таба алмай жүр. Батысқазақстандықтар бүгін Алматыда Артём Шпилёвтің қақпасына шайба соға алмады. Қақпашы матч қорытындысы бойынша қақпаға бағытталған 35 соққыны қайтарды. Оңтүстік астаналық ұжымның ойыншылары қақпашысына Даниил Свинтальскийдің сан басымдығында және Иван Петраковтың сан аздығында соққан голдарымен көмектесті.
«Алматы» - «Ақтөбе» 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)
1:0 - 30:01 - Свинтальский (Корчагин, Дервук) ГБ
2:0 - 48:48 - Петраков (Литовченко) ГМ
Қақпашылар: Шпилев - Шарипов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa