Pro Ligasy-ның Көкшетау және Қарағанды қалаларындағы матчтарын бақылаймыз.
«Арлан» мен «Алматы» арасындағы кездесу аса нәтижелі бола қойған жоқ. Екінші кезеңде командалар Диас Атаханов пен Вячеслав Коротиннің дәл соққыларымен алмасты. Ал матчтың аяқталуына 33 секунд қалғанда Иван Петраковтың шайбасы қонақтарға екі ұпай сыйлады. Оңтүстік астана командасының қақпашысы Артём Шпилёв 32 сейв жасады.
«Арлан» - «Алматы» 1:2 (0:0, 1:1, 0:1)
0:1 - 21:37 - Атаханов (Дервук) ГБ
1:1 - 33:40 - Коротин (Санников, Пузанов)
1:2 - 59:27 - Петраков (Литовченко, Ольшанский)
Қақпашылар: Каратаев - Шпилев
«Сарыарқа» әр кезеңде «Ертістің» қақпасына үш шайбадан соғып, қақпашылары Жакен Ибрагимов пен Алексей Зюзинге өз қақпасын голдан аман сақтауға мүмкіндік берді. Қарағандылықтар сапында Данила Карабань дубль жасады.
«Сарыарқа» - «Ертіс» 9:0 (3:0, 3:0, 3:0)
1:0 - 01:05 - Борисевич (Никулин)
2:0 - 04:48 - Никулин (Люлько, Сиксна)
3:0 - 08:07 - Волков (Никулин, Борисевич)
4:0 - 21:45 - Божко (Пономарёв, Смольянинов)
5:0 - 24:38 - Карабань (Михайлов, Лихотников)
6:0 - 29:34 - Люлько (Борисевич) ГМ
7:0 - 42:35 - Дёмин (Полохов, Пономарёв)
8:0 - 48:54 - Карабань (Лихотников) ГМ
9:0 - 54:56 - Пономарёв (Смольянинов, Дёмин)
Қақпашылар: Ибрагимов (Зюзин, 21:45-60:00) - Коваль (Челайдюк, 50:18-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Gornyak
Torpedo
Qulager