Торпедо Номадты тоқтата алмады, Алматы Бейбарыстан басым түсті, Горняк үздік үштікке енді, Санниковтың хет-тригі Арланға Петропавлда жеңіс сыйлады

6 qazan
277

Pro Ligasy тұрақты чемпионаты төрт матчпен жалғасуда.

Жеңісті қарқын алған «Номад» Өскемендегі кездесудің алғашқы екі кезеңін сәтті өткізіп, Александр Мигуновтың дублінің арқасында қарсылас қақпасына екі шайба соқты. Алайда шешуші үшінші кезеңде Саян Данияр мен Михаил Рахманов есепті теңестіріп, ойынды овертаймға ұластырды. Дегенмен бүгінгі жеңіс «көшпенділердің» еншісінде қалды. Батырлан Мұратовтың дәл соққысы қонақтарға екі ұпай әкелді.

«Торпедо» - «Номад» 2:3 ОТ (0:1, 0:1, 2:0, 0:1)

0:1 - 11:59 - Мигунов (Мерзликин)

0:2 - 26:27 - Мигунов (Мерзликин)

1:2 - 48:26 - Данияр (Гусейнов, Гатиятов)

2:2 - 52:45 - Рахманов (Гренц)

2:3 - 60:30 - Муратов (Алибек, Никитин)

Қақпашылар: Кудрявцев - Нурек

Евгений Рымаревтің үш ұпайы «Алматыға» сырт алаңда «Бейбарысты» жеңуге көмектесті. Қазақстандық тәжірибелі шабуылшы дубль жасап, бір нәтижелі пас берді. Алаң иелері сапында Артур Гусев жалғыз шайбаның авторы атанды. Осы жеңістен кейін оңтүстік астаналық ұжым турнирлік кестеде атыраулықтардан ұпай айырмасын онға дейін ұлғайтты.

«Бейбарыс» - «Алматы» 1:4 (1:0, 0:3, 0:1)

1:0 - 06:08 - Гусев (Шишов)

1:1 - 23:15 - Бурделёв (Ольшанский, Рымарев) ГБ

1:2 - 28:21 - Корчагин (Литовченко)

1:3 - 35:38 - Рымарев (Петраков, Ольшанский) ГБ

1:4 - 58:25 - Рымарев (Петраков, Двуреченский)

Қақпашылар: Микушин – Шпилев

«Горняк» екінші кезеңдегі қарқынды ойынының арқасында «Сарыарқадан» басым түсті. Жеңіс шайбасының авторы қарағандылық клубтың бұрынғы ойыншысы Тимур Шингареев атанды. Алаң иелерінің капитаны Оскар Юлбарисов дубль жасады. Бүгінгі ойын күнінің қорытындысы бойынша рудныйлықтар қосымша көрсеткіштер бойынша «Торпедоны» басып озып, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді.

«Горняк» - «Сарыарқа» 5:3 (1:2, 4:1, 0:0)

1:0 - 04:54 - Пархоменко (Шингареев, Юлбарисов)

1:1 - 10:47 - Никулин (Пономарёв, Дурглишвили)

1:2 - 18:55 - Карабань (Смольянинов, Сиксна) ГБ

2:2 - 20:36 - Юлбарисов (Стулов)

3:2 - 25:05 - Юлбарисов (Шингареев)

3:3 - 33:53 - Божко (Пономарёв, Королинский)

4:3 - 35:44 - Шингареев (Куршук, Никитин)

5:3 - 39:51 - Утебаев (Стулов, Катков)

Қақпашылар: Никитин - Кадочников

Петропавлда өткен маусымдағы алғашқы Солтүстік Қазақстан дербиінде «Арлан» басым түсті. Кездесудің басты қаһарманы қонақтардың барлық нәтижелі шабуылына қатысқан тәжірибелі Степан Санников атанды. Ол хет-трик жасап, бір нәтижелі пас берді. Вячеслав Коротин серіктестеріне үш рет нәтижелі пас асырды. Ал Денис Каратаев қарсыластың 36 соққысын қайтарды.

«Құлагер» - «Арлан» 3:4 (1:1, 0:2, 2:1)

1:0 - 08:25 - Анисимов (Борисов, Маркабаев) ГБ

1:1 - 18:15 - Санников (Коротин)

1:2 - 34:58 - Захаров (Коротин, Санников)

1:3 - 38:05 - Санников (Касенов, Басов)

2:3 - 41:10 - Кожевников (Штефан, Своеволин)

2:4 - 52:48 - Санников (Пузанов, Коротин) ГМ

3:4 - 59:44 - Своеволин (Чапоров) ГБ

Қақпашылар: Дубинскас - Каратаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.