Pro Ligasy-ның төртінші аптасының басты қаһарманын назарларыңызға ұсынамыз.
«Құлагер» өткен аптада сәтті өнер көрсетіп, үш матчтың үшеуінде де жеңіске жетті. Бұл нәтиже петропавлдық ұжымға жаңа аптаны чемпионаттың үздік үштігінде бастауға мүмкіндік берді. Бұл жетістікке Александр Воробьев елеулі үлес қосты. Ол үш кездесудің барлығында нәтижелі әрекеттерімен көзге түсіп, пайдалылық көрсеткіші +9 болып, 8 (4+4) ұпай жинады. Оның еншісінде бір хет-трик бар. Сондай-ақ шабуылшы соққан шайбалардың бірі командасына жеңіс әкелді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa