Номад Сарыарқадан басым түсті, Алматыдағы овертайм, Торпедоның 9 шайбасы

27 qyrkúıek
16

Астана, Алматы және Ақтөбеде өтіп жатқан Pro Ligasy матчтарын бақылайық.

Өткен чемпионат финалистерінің елордадағы алғашқы текетіресінде «Номад» «Сарыарқаны» жеңді. Матч тағдыры шешуші үшінші кезеңде анықталды. Темирлан Китаров, Александр Мигунов, Батырлан Мұратов және Олег Бойконың дәл соққылары «көшпенділерге» қатарынан сегізінші жеңісін сыйлады. Владислав Нурек 27 сейв жасады. Константин Пушкарёвтың шәкірттері лиганың турнир кестесіндегі бірінші орнын сенімді түрде сақтап келеді.

«Номад» - «Сарыарқа» 4:2 (0:0, 2:2, 2:0)

1:0 - 21:26 - Китаров (Маңғысбаев, Мигунов)

2:0 - 28:52 - Мигунов (Симахин, Маңғысбаев)

2:1 - 34:15 - Карабань (Степаненко, Михайлов)

2:2 - 35:17 - Лихотников (Карабань, Михайлов) ГМ

3:2 - 44:19 - Муратов (Бойко, Никитин)

4:2 - 45:51 - Бойко (Муратов, Макаров)

Қақпашылар: Нурек - Кадочников

«Алматы» овертаймда «Құлагердің» қарсылығын бұзды. Петропавлдықтардың қақпасына Роман Двуреченский мен қосымша уақыт басталғаннан кейін 42 секунд өткенде басымдықты пайдаланған Вячеслав Литовченко шайба соқты. Никита Осипов қақпаға бағытталған 32 соққыны қайтарды. Оңтүстік астана ұжымы соңғы бес матчтағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесіндегі жетінші орнын нығайтты. Ал «Құлагер» еншісіне бір ұпай қосып, үздік үштіктегі орнын сақтап қалды.

«Алматы» - «Құлагер» 2:1 ОТ (1:0, 0:0, 0:1, 1:0)

1:0 - 03:05 - Двуреченский (Атаханов, Корчагин)

1:1 - 47:11 - Воробьёв (Анисимов) ГМ

2:1 - 60:42 - Литовченко (Петраков, Бурделёв) ГБ

Қақпашылар: Осипов - Дубинскас

«Торпедо» сырт алаңда «Ақтөбені» ірі есеппен жеңді. Данил Бутенко мен Саян Данияр екі шайбадан соқты. Диас Гусейнов пен Никита Колобов серіктестеріне үш реттен нәтижелі пас берді. Антон Осокин алаң иелерінің есепті өзгертуге бағытталған 31 соққысын қайтарды. Батысқазақстандықтар сапында Максим Базанов жұбаныш голының авторы атанды.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 1:9 (0:4, 0:4, 1:1)

0:1 - 05:51 - Глухих (Колобов)

0:2 - 11:06 - Бутенко (Гусейнов, Данияр) ГБ

0:3 - 12:36 - Гренц (Жирнов, Колобов) ГБ

0:4 - 15:35 - Данияр (Гусейнов, Гатиятов)

0:5 - 26:59 - Колобов (Рифель)

0:6 - 29:46 - Сағымбаев (Колобов, Рифель)

0:7 - 36:25 - Рахманов (Жирнов, Прохоров)

0:8 - 36:51 - Данияр (Гатиятов, Бутенко)

0:9 - 47:01 - Бутенко (Гусейнов, Боровиков)

1:9 - 52:34 - Базанов (Александров, Киселёв)

Қақпашылар: Дубович (Шәріпов, 29:46-60:00) - Осокин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.