Pro Ligasy тұрақты чемпионаты Өскемендегі матчпен қайта жалғасты.
«Торпедо» мен «Арлан» арасындағы кездесудің негізгі оқиғалары екінші жиырма минуттықта өрбіді. Бұл кезең алаң иелерінің басымдығымен өтіп, олар есепте шешуші басымдыққа қол жеткізді. Көкшетаулықтардың қақпасына соғылған шайбалардың авторлары Степан Александров, Артём Николаев, Михаил Рахманов және Максим Мухаметов болды. Сергей Кудрявцев 28 соққыны қайтарды. Ал қонақтар сапында Андрей Кураков мергендік есебін толықтырды.
«Торпедо» - «Арлан» 4:1 (0:0, 3:1, 1:0)
1:0 - 22:49 - Александров (Гренц, Панченко)
2:0 - 24:05 - Николаев (Рахманов, Каиров)
2:1 - 24:18 - Кураков (Санников, Коротин)
3:1 - 38:40 - Рахманов (Гатиятов, Данияр)
4:1 - 59:33 - Мухаметов (Панченко) ПВ
Қақпашылар: Кудрявцев - Каратаев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Torpedo
Arlan
Nomad
Saryarqa
Qulager