«Азиаго» – «Номад» матчы қарсаңында

13 qarasha
461

Бүгін түнде елордалық «Номад» 2026 жылғы Құрлықтық кубоктің екінші кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді. «Көшпенділердің» қарсыласы турнир қожайыны «Азиаго» командасы болмақ.

«Азиаго» – Италияның тоғыз дүркін чемпионы. Қазіргі уақытта команда Альпі хоккей лигасында өнер көрсетеді. Бұл турнирде италиялық клубтармен қатар Аустрия, Словения және Хорватия командалары да жүлделі орындар үшін таласады.

Қазіргі таңда «Азиаго» 16 матчта 34 ұпай жинап, тұрақты чемпионаттың турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Команданың статистикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшылары қатарында канадалық хоккейшілер Итан Зипула (12+13 ұпай) мен Райан Валентини (8+12), сондай-ақ италиялық шабуылшы Ник Порко (10+11) бар.

Команданың негізгі қақпашысы – тағы бір италиялық Руди Ригони. Ол биылғы маусымда әр ойында орта есеппен 2,97 шайба жіберіп, қақпаға бағытталған соққылардың 91,1%-ын қайтарып жүр.

«Азиаго» – «Номад» матчы 13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні сағат 00:00-де басталады.

Матчтың негізгі оқиғаларын мәтіндік трансляция арқылы  осы жерден  бақылауға болады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.