PRO HOKEI LIGASY-ның кезекті ойын аптасы Қазақстанның үш қаласында өтетін кездесулермен басталады.
(17:00) «Теміртау» «Құлагермен» екінші кездесуде өзінің жеңістер сериясын алты матчқа дейін ұзартуға тырысады.
(17:00) "Алтай Торпедо" алты кездесу бойы жеңбей келеді. «Арланмен» өз алаңындағы екінші ойын – жағдайды түзетуге жақсы мүмкіндік. Естеріңізге салсақ, кеше ойын буллиттер сериясына дейін жеткен болатын.
(19:00) "Сарыарқа" оңтүстік астанада «Алматыдан» кешегі жеңілісі үшін қарымта қайтаруға тырысып бағады.
Матчтардың басталуы елорда уақытымен көрсетілген.
Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa